Біздің кішкентай батыр жігітіміз

Қазір балалар арасында тіс жегіден зардап шегетіндер көбейген. Мұның басты себебі, тіс тазалау гигиенасының сақталмауы. Өйткені олар тісін қалай тазалау керектігін, түрлі қауіп-қатерден сақтану жолдарын білмейді. Негізінде тісті тәулігіне екі рет, таңертең және ұйықтар алдында міндетті түрде жуу қажет. Жасыратыны жоқ, көпшілік тісті таңертең тазалағанымен, кешкі тазалыққа мән бермейді. Ал кешке жатар алдында тісті тазалау өте маңызды. Өйткені кешкі астан ауыз қуысында қалған тағамның қалдықтары таң атқанға дейін тіске жабысып, содан тіс жегі пайда болады. Ол жан-жағын зақымдап, тісті жарамсыз күйге түсіреді. Сондықтан тісті дер кезінде дәрігерге тексертіп, тұрған жөн достар